Спорт

Роман Кречтің жеңістері

 

 

12 жыл ішінде Роман Кречтың жеткен жетістіктері аз емес. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Конькимен сырғанап жүріп, Қазақстан чемпионатында 500 метрлік арақашықтықта ел рекордын жаңартты.

 Роман Креч, коньки спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Қазақстан чемпионаты менің басты мақсатым болған емес. Рекорд жасау туралы да ойлаған жоқпын. Бір өкініштісі VII қысқы Азия ойындарына қатыса алмадым. Өйткені жарыс қарсаңында жарақат алдым.

 Спортшы 2 мәрте Әлем чемпионатына қатысып, үздік ондық қатарынан көрінген. 2010  жылы Канаданың Ванкувер каласында өткен Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғады. Роман бұл жетістіктерінің барлығын еліміздегі спорт саласына көрсетілетін қолдаумен байланыстырып отыр. Жас спортшыларды баулу жұмысын одан әрі жоғары қарқынмен жүргізу керек деген ойда жерлесіміз. Сондықтан сәуірдің үшінде Роман Елбасына дауыс берген.

Роман Креч, коньки спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Биыл сайлауға бірінші рет қатысу құқығына ие болдым. Қазақстанның саясаты жайлы айтатын саясаткер емеспін, бірақ Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруім дұрыс шешім деп ойлаймын.  

Қазір спортшы келесі жылдың қаңтарында өтетін  әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Роман кемеңгер басшы басқарған елдің ұландары қашан да жеңімпаз атанатынына нық сенімді.

Күнсұлу Қайнетова