ТКШ

Үйді су басып жатыр

2-Заречный көшесіндегі 51 үйдің 2- пәтері мүгедек арбасына таңылған Анатолий Лагурецкийдікі. Бірер күн бұрын үйдің белінен келген су қазір тартылған. Ол үшін зейнеткер түнімен тынбастан суды шелектеп төккен көршілеріне риза. Тек одан басқа қайырымды жандардың қолынан келер шара жоқ.  Жарты жыл бұрын қосағынан қайтыс болып, қайғысынан оңалмаған ол көп ұзамай екінші аяғынан айырылыпты. Әйтеуір, жалғыздың жары –  Құдай дегізбейтін ата-анасы, қарындасы, 2 баласы бар. Капитан шеніне дейін жетіп, өмір бойы әскери салада қызмет еткен бауырлары үшін жандары ашығанмен олардың да жағалай телефон соғып, жәрдем сұраудан басқаға қауқары жоқ.

 Елена Лагурецкая, зейнеткердің қарындасы:
 -Алдымен “Петропавл суға” хабарладық, олар құтқару қызметінің телефонын берді. Олар келіп маңайдағы құдық, құбырларды тазалады. Ал үй ішіндегі су қалай болды, солай қалды.

Төтенше жағдайда құтқару қызметінен де еш қайыр болмады. Ал соңғы үмітіміз деп жүгінген жергілікті сантехник те баспанадағы суға тосқауыл қоя алмаған.   Кейінірек “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” кәсіпорны көмекке төтенше жағдайда құтқару қызметін жіберген екен. Дегенмен, суды ағызу  – үй тұрғындарын қауіптен уақытша ғана сақтайтын шара.

Кәусар Аяпбергенқызы