Қоғам

Қазақстандықтар дұрыс таңдау жасады

 

 

 

Серік Оспанов Қазақстанға осыдан 6 жыл бұрын Ресейден көшіп келген. Өзге елде жүріп атамекеніндегі саяси-экономикалық жағдайды назардан тыс қалдырмапты. Сондықтан елге оралған 2005 жылғы Президент сайлауында еш күмәнсіз нық шешім қабылдаған

Серік Оспанов, насос станциясы тазартқыш құрылғыларының машинист-операторы:
– Біз тұрақтылық, мемлекетімізде тұрып жатқан барлық халықтардың достығына дауыс бердік. Президенттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында белгіленген мақсаттар іске асса екен деп тілеймін. Еліміз әрі қарай дамып, әлемдік аренада беделді орынға ие болса екен. Дана Елбасымызбен бірге әлі талай биіктерді бағындыратынымызға еш күмән жоқ.  

Осы жолы да Серік Оспанов отбасымен бір тоқтамға келіпті. Барлығы бірауыздан Елбасын таңдаған. 4 сәуірде Оспановтар отбасы жаңалықтарды қалт жібермей, сайлау қорытындысын тағатсыздана күтіпті. «Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңгенін естігенде жанымыз тынышталып, қуандық. Өйткені басқа біреуді Президент ретінде елестете де алмаймыз», -дейді Серік Оспанов.

Серік Оспанов, насос станциясы тазартқыш құрылғыларының машинист-операторы:
– Елбасымыздың жеңіске жеткеніне ризамын. Көреген Президентімізбен еліміз тыныш, жұртымыз аман болатынына сенемін.

Ал Сильва Асланян Қазақстанға еліміз тәуелсіздігін алған жылы көшіп келген. Бүгінде  №17-ші ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде армян тілінен сабақ береді. Мемлекетіміздің 20 жыл ішіндегі толағай табыстарын таразылай келе, кемеңгер басшыға қолдау білдіруді жөн деп тапқан.

Сильва Асланян, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің мұғалімі:
– Мен Қазақстанда тұрамын. Бұл көпұлтты мемлекетте халық үшін барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан да сайлау қорытындысын естіген кезде қуанышымда шек болмады. Менің пікірім көпшіліктің ойымен үйлескеніне риза болдым.

Өскелең ұрпақ та еліміздің болашағын Елбасымен байланыстырып отыр.

Тигран Петросян, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқушысы:
 – Егер мен ересек адам болсам, Назарбаев үшін дауыс бере едім.

Айдана Демесінова