Қоғам

Сайлау комиссиялары өз қызметтерін аяқтап жатыр

Жауапты науқан кезінде облыс орталығындағы учаскелік сайлау комиссияларында 600

-ден аса адам жұмыс істеді. Барлығы алдын-ала курстардан өтіп, жауапты 

 

міндетті атқаруға даярлықтарын көрсетті.

Николай Петров,  Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау комиссиясы еш ескертусіз жұмыс істеді. Бақылаушылар өте көп болды. Бірақ облыс орталығы бойынша үлкен кемшіліктер тіркелген жоқ. Сағат сегізден бастап орталық сайлау комиссиясына келгендердің санын хабарлап тұрдық.

Облыс орталығындағы 10 жабық мекемеге сайлау жәшіктері жеткізілген. Бұндай мекемелердегі сайлау сағат үш кезінде аяқталған.

Николай Петров,  Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Облыс орталығындағы 148 330 сайлаушының 122   372-сі қатысты. Бұл 82,56 пайыз. Бұндай белсенділік бірінші рет байқалып отыр.

Петропавлдағы дауыс беру құқығы бар азаматтардың 94,8 пайызы қазіргі Президент Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдаған. Жамбыл Ахметбековке сайлаушылардың – 1, Мельс Елеусізовке  – 0,88 пайызы дауыс берген, Ғани Қасымовты  – 3700 петропавлдық таңдаған.Бұл күндері  комиссия мүшелері сайлау жабдықтарын қабылдауға кіріскен.

Сара Тасеменова , Петропавл қалалық сайлау комиссиясының мүшесі:

-Мөрлерді қабылдап жатырмыз. Учаскелерге құжаттар бергенбіз, соларды қабылдап жатырмыз.

Тапсырылған құжаттар дестеленіп, сайлау құралдары қоймаға жеткізіледі.

 Қағазға оралған урналар, күнтізбелер мен учаске нөмірлері жазылған тақтайшалар келесі сайлауға дейін осы жерде сақталады.

Әсем Рахметова