Қоғам

Пәтер иелері кооперативтері мемлекеттен көмек күтеді

 

 

 Вера Ткаченконың жеке пәтер иелері кооперативінің төрайымы болып қызмет етіп жүргеніне биыл 4 жыл. Осы уақыт аралығында талай пайдалы істерді тындырыпты. Жамбыл көшесіндегі 294-ші үйдің жылу жүйесі мен шатыры жөнделіп, ыстық су құбыры жаңасына алмастырылды. Бір ғана кемшілік бар. Мұнда балалар алаңы жоқ екен. Алдағы уақытта оның да салынатынына тұрғындар сенімді.

Вера Ткаченко, ПИК төрайымы:
Тұрғындардың жалғыз тілегі – балалар алаңын құру. Жақын арада, бұйырса, ол да салынар. Елбасының нұсқауымен алдағы 5 жылда талай игі істер тындырылатынына сенемін. Осы тілегіміз орындалса, нұр үстіне нұр болар еді.

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы болатындығын естіген беттен-ақ Вера Ткаченко өз таңдауын жасап қойған екен. Ол бейбітшілік пен халықтар достығына дауыс берді. 2005 жылы өткен сайлауда да Вера Ткаченко Нұрсұлтан Назарбаевты қолдапты

Вера Ткаченко, ПИК төрайымы:
 
Біз бейбіт елде тұрып жатырмыз. Өзге елдермен салыстырғанда біздің тұрмыс жағдайымыз жақсы. Бірлігі жарасқан ел жылдан-жылға дамуда. Бұл, әрине,  Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында іске асып жатыр. Сондықтан да жарқын болашағым үшін Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс бердім. Дұрыс шешім қабылдағаныма нық сенімдімін.

  Вера Ткаченко сияқты басқа солтүстікқазақстандықтар да Елбасының жеңісіне қуануда.

Айдана Демесінова