Балалар

Салтанатты шеру

 

 

Бұл – «Жастар әрқашанда барлық реформалардың алдыңғы шебінде жүруі тиіс» деген Елбасы сөзінің айқын айғағы. Кезектен тыс Президент сайлауында Қазақстан халқының басым көпшілігінің қолдауына ие болған Елбасын жеңісімен алғаш болып құттықтаған нақ осы жастар болды. Ағынтай және  Қарасай батырларға қойылған ескерткіш маңына бүгін 5000-дай петропавлдық студенттер, жастар ұйымдары мен Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері жиналды. Плакат, жалаушалар ұстаған шерушілер К.Сүтішев көшесін бойлай жүрді.  «Елбасымен бірге ел бірлігін еселейміз!» Петропавлдың белсенді жастары өздерінің азаматтық позицияларын осылай білдірді.  Өздерінің айтуынша, бұл шеру арқылы олар Президентке деген сенімдерін нықтай түсіп, ұстанымдарын бекітті.

 Жастар:

-Нұрсұлтан Әбішұлындай басқаратын адам жоқ Қазақстанда.
– Оның арқасында еліміз дамып, көтеріліп жатыр, жастар үшін стипендия көтеріліп, грант беріп жатыр.  

Ұлты, діні, тілі басқа болса да біртұтас елде олар бірдей: көздерінде от ойнап,  жалындаған  жігерлі жастар. Қазақстанда туып-өскен корей ұлтының өкілі, тәуелсіздіктің құрдасы Алексей Огай туған елінің әр жеңісіне қуанып, салтын құрметтей білетін саналы жастың бірі.

  Алексей Огай:

– Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бердім. Өйткені оның арқасында біз тәуелсіздік алдық, аз уақытта басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатысқа тұрдық. Мен басқа ұлт болсам да мұнда мені ешкім шектемейді. Назарбаевқа дауыс бергеніме мен ешқашан өкінбеймін.

Сайлауға алғаш қатысқан жастардың өздері жасаған таңдаудың дұрыстығына көзі жетіп, Елбасы үшін ғана емес өзінің жеңісіне де қуанатын жайы бар.

 Рүстем Есенбергенов:
 – СҚО жастарының атынан айтатын болсам, біз Елбасымызды мақтан тұтамыз. Өйткені оның арқасында біз бүгін тегін білім аламыз, шетелде оқи аламыз. Осындай жағасы берік мемлекетте өмір сүретініме мен қуаныштымын. Сол себепті де мен дауысымды Елбасына бердім.

Кәусар Аяпбергенқызы