МТРА жаңалықтары

Президент сайлауы – әрбір қазақстандық үшін маңызды қадам

 “Дауыс беру – біздің борышымыз” – деп санаған петропавлдықтар сайлау учаскесіне сағат жеті болмай келген. Барлығының айтары бір: Президент сайлауы – ел өміріндегі өте маңызды саяси оқиға. Тарихта қалатын күн. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматының оған үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн.

  Қырғыз Мұсабаев, еңбек ардагері:
– Мен бұған дейінгі сайлаулардың барлығына қатысып, үнемі белсенділік танытамын. Бұл түсінікті де. Біздің парызымыз ғой бұл. Қазақстанның дамып, өркендеп, биік шыңдардан көріне беруін бәріміз қалаймыз.

  Роза Шәкенова, еңбек ардагері:
– Балаларымыздың болашағы, Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруге тиіспіз. 

Әнұран ойналғаннан кейін әжептәуір жиналып қалған жұртшылық сайлау комиссиясының алдына тізілді. Бұл күні әркім өз таңдауын жасады. Сөйтіп, үміткердің біріне ел тізгінін сеніп тапсырды. Дауыс беруге алғашқылардың қатарында келген Екатерина Ингаленконың бюллетені урнаға алғаш болып түсті.

  Екатерина Ингаленко, сайлаушы:
– Бүгін еліміз үшін айырықша күн. Бұл оқиғаның маңыздылығын біз жақсы түсінеміз. Бүгін еліміздің болашағы шешілуде. Сондықтан Қазақстанның әр азаматы немқұрайдылық танытпай, дауыс берулері қажет.

Сайлау учаскесінде бүгін алты азамат өз таңдауын алғаш рет жасамақ. Солардың бірі  – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Әлия Қоңқашева. Болашақ тіл маманы үшін бүгін жауапты күн.

  Әлия Қоңқашева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Бүгін алғаш рет дауыс беруге келдім. Сондықтан мен үшін өте жауапты. Барлығымыз Қазақстанның азаматымыз. Сол себепті дауыс беруіміз қажет. Жастар сырт қалмай дауыс берулері қажет.

Алғаш рет дауыс берушілерге шағын сыйлық әзірленген. Сайлау барысын, барлығының заңға сәйкес болуын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының екі байқаушысы бақылады. Петропавлдықтар ел өміріндегі саяси маңызды оқиғадан шет қалмай, айырықша белсенділік танытуда. Дауыс берудің басталғанына жарты сағат қана болды. Осы уақытта сайлау учаскесіне қырықтан астам адам келіп, өз таңдауларын жасап үлгерді.  

  Ғалия Бегішева, № 727 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:
-Сайлаушылардың белсенділігі зор. Өткен жылдардағы сайлаумен салыстарғанда тұрғындар барынша атсалысып жатыр. Бұл қуантарлық жәйт. Жұртшылық ел болашағына, өз келешегіне бейжай қарамайды деген сөз. Күні бойы сайлаушылардың легі саябырсымайды деген үміттеміз.

Бұл күні аға толқын өкілдері де, жастар да асқан ұйымшылдық танытты. Әлбетте, барша азаматтар тәуелсіз мемлекеттің әрі қарай өсіп-өркендеп, еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің баянды болуын қалайды.

Таңат Сүгірбаев,  “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:
– Барлығы № 727 сайлау учаскесінде 1196 адам тіркелген. Дауыс беруге келе алмаған 63 сайлаушы таңдауларын үйлерінде жасады.

Айымгүл Әбілева