МТРА жаңалықтары

Көпбалалы аналар жарқын болашақ үшін дауыс берді

 

 

 

 Ардагер ұстаз әрі батыр ана Шолпан Садықова әр сайлауға алғашқылардың қатарында келетінін айтады. Себебі әр азаматтың дауысы еліміз үшін маңызды. Шолпан апа сайлау учаскесіне отбасымен келген. Өздері бір ауыл сияқты.

  Шолпан Садықова,  көпбалалы ана:
– Бүгінгі Президент сайлауына бала -шағаммен келіп, 25 адам дауыс беріп отырмыз. Бәріміз де ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін,елдің аманшылығы үшін, мемлекетіміздің гүлденуі үшін дауыс беріп отырмыз.  

Шолпан апаның бес ұлының кенжесі Алтынбек ең бастысы – елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік дейді.

  Алтынбек Садықов:
-Бүгін отбасымызбен сайлауға келдік. Қазіргі жағдайымыз жаман емес. Барлығы тұрақты болу үшін сайлауға қатысып отырмыз.

Шолпан апаның немересі кішкентай Тұмар да маңызды сәттен шет қалмаған. Кәмелеттік жасқа толмаса да, ол әжесімен ере келген.

 Тұмар Садықова:
– Мен өз Отанымды жақсы көремін. Өскенде еліме көмектесемін.

№ 777 және 778 Сайлау уаскелеріндегі науқанды Қорған облысынан келген байқаушы Валерий Мельников бақылады. Ол ешқандай заң бұзушылықтарды байқаған жоқпын дейді. Халық келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Сайлау учаскелеріндегі жұмыс та талапқа сай жүруде дейді.

  Валерий Мельников, байқаушы, Қорған облысы:
-+ Біз 8 сайлау учаскесінде болып, жұмысты бақыладық. Барлығында ақпараттық стендтер орнастырылған. Сайлау заңдылығының бұзылмағанына көзімізді жеткіздік.

Инеш Шоқақова