Қоғам

Елі сенген Елбасы

 
Зейнет демалысына шықса да Зура Бәкірова күн сайын шәкірттерін теңеулер мен мақалдарға бай қазақ тілінің ерекшеліктерімен таныстыруға асық. Оқушылардың да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы зор. Ардагер ұстаз мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдау аз емес, зейнеткерлерге де жағдай жасалуда дейді.

 Зура Бәкірова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
– Елбасымыздың зейнеткерлерге қамқорлығы көңілімнен шығады. Алатын зейнетақым жақсы. Және бізге жұмыс істеуге де жағдай бар.

Соңғы жиырма жыл ішінде елімізде болған өзгерістер көңілге қуаныш ұялатады. Көптеген ұлт өкілдерінің ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі – мемлекетіміздің басты жетістіктерінің бірі.

Зура Бәкірова,  қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
-Біздің елде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз тату-тәтті өмір сүреміз.Бір-бірімізге көмектесіп, тек жақсылықпен өркендеп келеміз.

ҚР ІІМ 6637 әскери бөлімінің жауынгері Алмаз Борбасов та өзінің дұрыс таңдау жасағанына сенімді. Ол қарулы күштер қатарына Жезқазған қаласынан шақыртылған. Міне 4 ай бойы өзінің азаматтық борышын абыроймен атқаруда. Жас жауынгер біз үшін ең бастысы бейбітшілік дейді. Сондықтан ол сайлауда қандай үміткерге дауыс беретіне күмәнданбаған.

  Алмаз Борбасов,  қатардағы жауынгер:
-Осы 20 жыл ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Мен оған қуаныштымын. Сондықтан Елбасыға дауыс бердім.

Инеш Шоқақова