Қоғам

Көпбалалы аналар Қазақстанның қуатты болуын қалайды

 

 

 

 

Людмила Квашнина – 10 баланың анасы. Бүгінде кенже ұлының өзі егеменді қазақ елінің түйдей құрдасы – 20-ға келіпті. Алтын алқа иегері Людмила Квашина тәуелсіз Қазақстанның дамуымен қатар отбасына да мол береке, ырыс кірді дейді. Қазір қызын қияға, ұлын ұяға қондырып отбасы 18 адамға жетіпті. Әрбірі жоғары білімі бар маман иесі.

 Людмила Квашнина, көпбалалы анна:
Ата-анам, мен де, балаларым да Қазақстанда туып өсті. Еліміз балаларымның аяқтарына нық тұрулары үшін бар жағдайды жасап берді. Қазақ жері біздің кіндік қанымыз тамған Отанымыз. Сондықтан еліміздегі бар оқиғалар мен жаңалықтар менің отбасыммен тікелей байланысты. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауына отбасым бір адамдай қатысып, өзіміздің жарқын болашағымыз үшін дауыс береміз.

Ал Павел Хлопцев еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға алғаш рет қатыспақ.19 жасар Павел әр адамның болашағы өз қолында деп санайды. Сондықтан жасы мен кәрісіне тікелей қатысты науқаннан шет қалмау керектігін айтады.

Павел Хлопцев:
Мен өзімнің таңдауымды жасап қойдым. Міндетті түрде сәуірдің үші күні дауысымды беремін. Бұл менің азаматтық парызым. Себебі мен үшін керек. Сапалы білім алып жатырмын. Алдағы уақытта экономикасы дамыған елге қызмет еткім келеді. Әрбірі осылайша дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын.

Облыс орталығының көпбалалы және мүгедек балалардың аналарын дөңгелек үстел аясына облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жинап отыр. Басты мақсат 3-ші сәуір күні болатын кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға үндеу.

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
Сайлауға келген адам үкіметін, халқын ойлайтын азамат. Бәріміз бір адам болып дауыс беру керекпіз. Мен ойлаймын, әр азамат өз дауысын беруі керек, абыройлы Қазақстан үшін, еліміздің әр отбасы бақытты болсын десеңіздер.

Жеңіс Ермұқанов