Қоғам

Бейбітшілік және келісім – тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі

Облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті жиыны ерекше түрде өтті. Әлем табиғатының шағын үлгісі іспеттес “Қызылжар” оранжереясында бас қосқан өңіріміздің этномәдени орталықтарының өкілдері “Халықтар достығы” тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, диалог құрды. Бүгінде өңірімізде 90-ға тарта этномәдени орталықтар бар екен. Тілдері мен діндері, салттары мен мәдениеті әр түрлі болғанымен  мақсаттары бір. Әрбірі өзінше еліміздің гүлденуіне үлес қосуда. Ал оның барлығын бір тудың астына жиып ынтымақтастық пен ауызбіршілікте ұстауда Ассамблеяның алар орны ерекше.

Гүлбахша Мұсабаева, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, ғалым:
– Ең бірінші, бұның мақсаты ешқашан мемлекеттік тілді ұмытпау керек. Әр қазақстандықтың міндеті мемлекеттік тілді білу, зерттеу, тереңнен мәдениетке шығару. Барлық тұрып жатқан халықтарға нағыз ұйытқы болуы керек. Сонымен бірге басқа халықтарға да өз тілдері мен дәстүрлерін өсіруге бар жағдайлар жасалып отыр.

Еңсесі биік, босағасы берік егеменді еліміздің басты байлығы да, күші де бірлігі жарасқан халық екендігін ұмытпаған жөн дейді жиынға қатысушылар. Жеткен табыстарды еселей түсу үшін ел азаматтары тынымсыз еңбек етулері керек.

-Осы мәселені дамыту үшін бізде ұлттық доктрина бекітілді. Ол стратегиялық мақсат. Халықтар бірікті, оған жеттік. Ал енді қазір Қазақстан халқы өз интеллектуалдық дамуын, өзінің қандай жетістігі бар екендігін көрсетіп, бәсекеге қабілетті ұлт  болуға  ұмтылуымыз керек. Сондықтан халық бірлігінде жаңа кезең туды.

Сондай-ақ жиында әлемге танылған қазақ мәдениетінің де жетістіктері сөз болды. Түрлі халықаралық байқауларда еліміздің өнерін асқақтатып, жүлделерді алып жүрген “Күдер” ансамблі шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Тойкен Күдерова, “Күдер” ансамбілінің жетекшісі:
– Халықаралық деңгейдегі конкурстарда біз гран-при, алтын медальдарды әкеліп жатырмыз. Мен өзім шәкірттеріммен 15 медаль әкелдік. Соның бәрі үлкен жетістік. 20 жылдық мерейтойға жақсы жетістіктермен келе жатырмыз. Осылайша біздің мәдениетімізді әлем таныды.  

Кездесуде келешек ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуге қатысты да бірқатар ойлар айтылды.

Жеңіс Ермұқанов