Спорт

Қазақша күрестен алтын алқа

 

 

 

 

Республика чемпионатында облыс намысын 12 палуан қорғады. Бесеуі – Шал ақын ауданы Жаңажол ауылының спортшылары. Осы ауылдың жас палуаны Батырхан Қайырбек 46 үміткердің арасында 1-ші орынға қол жеткізді. Спортшы чемпионат барысында 6 кездесуге шығып, барлық қарсыластарының жамбастарын жер иіскеткен.

  Батырхан Қайырбек, қазақша күрестен республика чемпионатының жеңімпазы
-Менің өз салмағымда 46 бала болды. Чемпион атандым. Күреске қатысқаныма 6 жыл болды. Өз бапкеріме алғысымды айтамын.

Тәуелсіздік алғаннан бері өңірімізде қазақша күрестен алғашқы чемпион атанып отырған Батырбекке бапкерлердің артқан сенімі мол.

  Есләмбек Бекмұрзин, ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
-Ересектер арасында да, жастар арасында да көптен күткен жеңісіміз.1974 жылдан бері ел чемпионы болып көрген жоқ қазақша күрестен. Тәуелсіздік алғынымыздың арқасы да шығар.

Бұл жеңіс спортшылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, биік шыңдардан көрінулеріне бастама болмақ.

Инеш Шоқақова