Әр түрлі

Қателескен салық төлеуші жауапқа тартылады

 

Камералдық бақылау  – салық төлеу саласында орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін ең оңтайлы тәсілдердің бірі. Бұл салық декларацияларының сәйкестігін тексеру мақсатында әр тоқсан сайын міндетті түрде жүргізіліп отыратын үрдіс. Қарапайым тілмен айтқанда, белгілікті тауар жеткізуші мен оны сатып алушы көрсеткен сандар әр түрлі болып жатса, камералық бақылау қатенің қай тараптан кеткендігін анықтайды.

 Наталья Елмұратова, СҚО Салық департаментінің бөлім бастығы:
– Жеткізушілердің шот-фактуралар тізімінде көрсеткен қосымша құн сомасы мен сатып алушылардың тізімінде жазылған соманың, мемлекеттік сатып алу шеңберінде мекемелер көрсеткен сан мен шот-фактуралар тізімінде көрсетілген соманың сәйкестігі және жалған кәсіпорын ретінде танылған салық төлеушілердің шот-фактуралары тексеріледі.

Аталған тексеру тәсілі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде жүргізіледі. Сол кезеңнен бері 4 369 хабарлама жазылыпты, демек осыншама заңбұзушылық анықталды. Қателік анықталған салық төлеушілерге электронды не жазба түрінде хабарлама жіберіліп, сәйкессіздікті түзеу үшін 1 ай мерзім беріледі.

Наталья Елмұратова, СҚО Салық департаментінің бөлім бастығы:
 -Бұл мерзімде қателік түзелмесе,  салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады және 15 АЕК мөлшерінде, яғни 22 680 теңгедей айыппұл салынады. Бұл жағдай қайталанса, айыппұл 2 еселеніп, 30 АЕК мөлшерінде болады.

Айтқандай, құзырлы мекеме мамандары қандай да мекеме не кәсіпорын қызметінің заңдылығына күмәнданатын болса, олар бойынша мәліметтерді қаржы полициясына жібереді.

Кәусар Аяпбергенқызы