Қоғам

Сайлауалды науқан қорытындыланды

 

Еліміз үшін маңызды саяси науқанға аз уақыт қалды. ҚР Президентіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатқан емес. Олар бұл істерде еліміздің тәуелсіздік жылдарында бағындырған биіктерін негіз етіп алған. Сондай-ақ Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауында айқындалған ауқымды жоспарды түсіндіру шараларына басымдық беріліпті.

  Әлібек Қартов,  ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың облыстық қоғамдық штабының төрағасы:
– Электоралдық кезеңде еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырылды. Барлығы облыста 1 500-ден артық кездесу өтті. Оларға 350 мыңнан астам сайлаушы қатысты.
Бұл жұмыста ҚР Президентіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың 2 265 сенімді тұлғалары белсенділік танытуда.  

Қоғамдық қабылдау жұмыстарына үлкен көңіл бөлінген. Азаматтардың шағым-өтініштері мен ұсыныстарының бірде-бірі жауапсыз қалып жатқан жоқ. Сайлаушылар өзекті мәселелерді шешіп беруді ғана сұрамай, нақты тілек -ұсыныстарын да білдіруде. Президенттікке үміткер Назарбаевтың республикалық штабына бұндай 155 өтініш жөнелтілген.

  Анатолий Корабельников, ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың облыстық қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау меңгерушісі:
Бізге келіп түскен сайлаушылардың шағым-өтініштері міндетті түрде қаралып, тез арада шешіледі. Тұрғындар бізге түрлі мәселелерді арқалап келеді. Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жұмысқа орналасу, өзге де мәселелер бойынша көмек сұраған елуден астам тұрғынның өтініші жедел шешімін тапты.

  Александр Казанцев – ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың қалалық қоғамдық штабының сенімді тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы:
Еңбек ұжымдарында өткен кездесулерде көптеген мәселелер көтерілді. Біз атқарушы билікпен тікелей байланыста болғандықтан көп қаржыны талап етпейтін бұндай проблемалар тез арада шешілді.  

Кездесуде қоғамдық штаб мүшелері облыста сайлауалды науқан тиісті заңнама талаптарына сай болуы үшін де барлық шараларды қолға алғандарын айтты.  

 Айымгүл Әбілева