Мәдениет

«Жұлдыздың» жұлдызы жанды

 

 

 

 

 

Бас жүлде үшін берілген сыйлық «Жұлдыз» бишілер ансамбліне үлкен еңбекпен келді. Балдырғандар байқауға екі нөмір дайындап, би қимылдарын бір жарым ай бойы үйреніпті. Үздіксіз жаттығулар өз жемісін берді. Жерлестеріміз өзге елдерден келген бишілерден озық өнер көрсетіп, жеңіске жетті.

  Ольга Лахтина,  «Жұлдыз» би  ансамбілінің көркемдік жетекшісі:
-Өткен жылы біз ересек команданы апарған едік. Олар дипломант қана атанды. Осы жолы кішкентай бишілеріміздің бағын сынап көрдік.
Себебі оларды да алға шығару керек. Бүлдіршіндерді үлкен сахнаға жастайынан үйрете беру қажет. Сонда ғана бір нәтиже шығады.

Бірінші хореографиялық табыс «Есіл биі» деп аталды. Бүлдіршіндер орыс халқының ұлттық костюмімен және мың бұралған қимылдарымен көрермендерінің көңілін бірден баурап әкеткен. Қыздар мен ұлдар үйлесімді, әрі ырғақты қозғалып, төрешілердің оң бағасына ие болған.

  Асылжан Өтегенов, «Жұлдыз» би ансамблінің мүшесі:
Біз осы байқауға көп дайындалдық. Маған орыс биі әдемі қимылдарымен ұнады. Жеңу қиын болған жоқ.

Диана Нұрғазинаның өнер ұжымына келгеніне 6 ай ғана. Ол халықаралық деңгейдегі байқауға алғаш рет қатысты. 9 жасар қыз командалық жеңіске атсалысқанына қуанышты.

Диана Нұрғазина, «Жұлдыз» би ансамблінің мүшесі:
– Біз дипломант болып қаламыз ба деп қорықтық. Ал жеңіске жеткенімізде қатты қуандық.

Гүлден Сәрсенбаева