Балалар

Жастар мемлекеттік қолдауға ие

 

 

 

 

20 жыл ішінде Қазақстанда халықтың әл-ауқатын көтеруде талай игі бастамалар қолға алынды. Нәтижесінде ел тұрғындарының тұрмысы жақсарды. Жыл санап, білім беру сапасы да дамып келеді. Дөңгелек үстелдегі әңгіме де осы бағытта өрбіді.

  Самат Жәкенов,  «Нұр Отан» ХДП СҚОФ «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:
-Біздің жастар елде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерден құлағдар болуы қажет – оларға жасалған жағдайлар жайлы білуі тиіс. Бүгін халқымыздың әлеуметтік жағдайы мен білім саласының қаншалықты жақсарғаны жайында нақты айта айтамыз.

Жастар – елдің болашағы. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан барынша қамқорлық көрсетілуде.  Оқу гранттары көбейіп, шәкіртақының көлемі артуда. Меруерт Шәріпова болашақта білікті дәрігерлер қатарын толықтырмақ. Медицина колледжінің студенті мемлекет қаржысы есебінен біліп алып жүр. Меруерт аға-апаларының студенттік кезін бүгінгімен салыстыруға келмейтінін айтады. Мәселен, 2000 жылғы студенттердің алған шәкіртақысы бүгінгіден 5 есе кем болған екен.

  Меруерт Шәріпова, Петропавл медицина колледжінің студенті:
– Біз осы дөңгелек үстелден көп мәлімет алдық. Өңіріміздегі, республикамыздағы өзгерістермен таныстық. өзімізге керектерін алдық. Әсіресе, жастарды жұмысқа орналастыру, демалыстарын ұйымдастыру мәселесі жайында көп мағлұмат берілді.  

Мемлекет жастарды қолдауды одан әрі жүзеге асыра бермек. Биыл «Дипломмен –  ауылға» бағдарламасы жалғасын табады. Жоба жетекшілері ауылдарға баратын жас мамандардың санын арттыруды көздеп отыр. Ол үшін үй алуға бөлінетін несие көлемі 2 миллион теңгеге дейін жеткізілді. Былтыр ауылдарда спорт, мәдениет, денсаулық, білім саласын көтеремін деген жүздеген мамандар мемлекеттің қолдауына ие болды. Дегенмен, кадр тапшылығы толық шешімін тапқан жоқ. Осындай өзекті мәселелерден құлағдар болған жастаросы кездесуден кейін елді дамытуда өз күштерін қайда жұмылдыратындарын анық түсінгендей.

Гүлден Сәрсенбаева