Мәдениет

Оқушылар арасындағы айтыс

Айткүл Өнерханның сахнаға шығып жүргеніне екі жыл болды. 10-сынып оқушысы тәуелсіз 20 жылда еліміздің жеткен жетістіктерін таразылай келе, бүгінгі жастарды толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды.

 Айткүл Өнерхан, жас айтыскер:
– “Бір ақынның сау болса  тіл мен жағы, мың адамның айтылар мұң мен зары” демекші еліміздің мұң-мұқтажын осы айтыста жоғарыдағы ағаларымызға жеткізу біздің парызымыз деп есептеймін.

Ал Нұрдәулет Жолбарыстың қазақтың киелі қара домбырасын қолына алып, термеге машықтанғанына көп болған жоқ. Алайда бастамасы жаман емес. «Дүние-ай» атты термені орындап, жұртшылықтың ықыласына бөленді.

 Нұрдәулет Жолбарыс,  жас термеші:
– Жаңа сахнаға шыққанда өзім қобалжыдым. Кейіннен үйреніп кеттім.

Жақсы айтқан сияқтымын негізі. Орын алмасам да ризамын.

Облысымызда мектеп оқушыларының арасында мұндай жарыс алғаш рет өтіп отыр. Бағын сынап келген жасөспірімдердің саны – 14. Олардың жетеуі ақындар айтысына қатысса, тең жартысы термешілер сайысына шықты. Қазылар алқасы сайыскерлердің сөз байлығына, айтыста қарсыласына қалай жауап қайтаратынына, актерлық қабілетіне, домбыраны қалай меңгергеніне қарап өз бағасын берді.

  Рысжан Нұрғалиева, облыстық білім басқармасының бас маманы:
-Байқау талантты да дарынды, сөз мәнерінің майталмандарын анықтау мақсатында өткізілгелі жатыр. Әділқазылар алқасы көбіне тілдер басқармасының, мәдениет басқармасының және өзіміздің ақын, айтыскерлерден құрылып отыр.

Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Айдана Демесінова