Денсаулық сақтау

«Үй дәрігері»

 

 

 

 

Физиотерапевтік құрылғылар тірек -қимыл, жүрек – қантамыр жүйесі, асқазан-ішек аурулары, түрлі жарақат пен күйік, өзге де көптеген дерттерді үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылады. Медициналық құрал-жабдықтар үш топқа бөлінген. Алғашқылары – жылу терапиясында пайдаланылады.

  Сергей Примаков,  ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– «Фея» деп аталатын құрылғы ринит, гайморит, тонзиллит, фронтит ауруларын емдеуге арналған. Ал «Теплон» – кешенді жылу терапиясында қолданылады. Мұнда жылытуға арналған бірден 6 элемент бар. Оның біреуі «Феядағы» сияқты жоғарыда аталған дерттерді емдейді.

Бұдан өзге “Теплон” құлақ ауруларын да емдейді. Ал қыздыратын 4 тілімшені бел, буын, демалу жүйелерінің дерттерін емжеуге қолданады. Температураның үш режимі бар, әркім терінің ерекшелігіне қарай қажеттісін таңдайды. Құрылғылардың екінші тобы магниттерапиясында пайдаланылады.

  Сергей Примаков,  ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– «Магофон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

“Алмаг” құрылғысы да тірек-қимыл жүйесі, жүрек, қантамырлар, асқазан-ішек жолдары, тромбофлебит пен тамырдың кеңеюі тәрізді дерттерден сауығу үшін тиімді.

  Сергей Примаков,  ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– Ал “Мавит” құрылғысы ер адамдарға тән простатит, 1,2 дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде қолданылады. Жалпы бұл құрылғылар бүгінде халықтың үлкен сұранысына ие. Қазақстан нарығына шыққанымызға биыл он жыл.

Елатом құрылғылар зауытының физиотерапевтік құрал-жабдықтарының көрмесі наурыздың отыз біріне дейін жалғасады. «Үй дәрігері» сериясындағы медициналық құрылғыларды Пушкин көшесіндегі «Мир Фарма» дәріханасынан табуға болады.

Айымгүл Әбілева