Мәдениет

27 наурыз – халықаралық театр күні

 

Әртістер қызу дайындық үстінде. Бірақ бұл жолы көрермен назарына әдеттегідей қойылым емес, әсем ән-шашу ұсынылмақ. Өнер иелері кәсіби мерекелерін сахна төрінде қарсы алуды дәстүрге айналдырған.

  Сапар Мәпенов, облыстық қуыршақ театрының актері:
– Бүгін біз ең үздік қызметкерлерге алғыс хат табыс етеміз. Көрермендерді де назардан тыс қалдырмаймыз. Мерекені жылдағыдай думандатып атап өтуді жоспарлап отырмыз.  

Облыстық қуыршақ театрының өз шымылдығын ашқанына 20 жылдың жүзі болды. Жыл сайын ұжымға дарынды жастар келіп қосылуда. Солардың бірі – Т.Жүргенов атындағы қазақ  ұлттық өнер академиясының түлегі Диана Сәдуақасова.

  Диана Сәдуақасова,  облыстық қуыршақ театрының актрисасы:
-Қуыршақ театрының маманы болу мен үшін бақыт. Актер деп өзімді есептеймін. Өйткені біз балаларға көп қуаныш сыйлаймыз, бақыт сыйлаймыз.
Балаларды тәрбиелейміз.

Ал Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актерлері кәсіби мерекелерін “Похохочем между прочим” қойылымымен атап өтті. Алексей Никулин бұл спектакльде мейірімді қарияның рөлін сомдады.

Алексей Никулин, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:
-Біздің дәл осы күні әзіл аралас қойылымды сахналауымыздың өз себебі бар. Өйткені театрға келгенде көрермен дем алып қайту керек.  

Өнер сүйер қауым көтеріңкі көңіл күйде тарасты. Мерекенің ойдағыдай өткені анық.

Инеш Шоқақова