Құқық қорғау органдары

11 адам мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

 

Ізгілендіру жұмыстарының арқасында 18 қылмыстық құрам бойынша бас еркінен айыру жазасы алынып тасталды. Ондай жеңілдікке ҚР ҚК 259- бабының 1 тармағы бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтап,  пайдаланғаны үшін сотталғандар да ілікті.  Олар 1-3 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді. Енді мұндайлар ірі көлемде айыппұл төлейтін болады.

Айқын Бәженов, 164/3 түзету мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі бастығының орынбасары:
– Бүгін біздің мекемемізде 11 қылмыскер босатылды. Бүгінгі күні 68 адам 5 бап бойынша қаралмақ. Олардың да жазалары жеңілдетіліп, қысқартылмақ. Бұл ҚР сотталғандарға берген жеңілдігі. Енді олар қылмыс жасамай, отбасыларына көмектеседі деп ойлаймыз. Әрі қарай жақсы өмір сүреді деп ойлаймыз.

Жасылан Төлегенов жазасын әлі 2 жыл 2 ай өтеуге тиіс еді. Сотталушы туыстарымен мерзімінен бұрын қауышатынын естігенде қуанышын жасыра алмады. Жастықпен ақ жолдан тайып кеткен Жасылан бостандыққа шыққан соң жұмыс тауып, жаңа өмір бастаймын деп серт берді.

  Жасылан Төлегенов:
Мен 4 ай ғана отырдым. Алайда өмірімді жаңадан бастауға мүмкіндік береді дегенде қатты қуандым. Қазір бойымды кернеп тұрған сезімімді айтып жеткізуге сөзім жоқ.

Облысымызда осындай заң бұзушылықпен бостандығынан айырылған 35 адамның мерзімдері қысқартылды. Бұл, әрине, қате басып, қоғамнан оқшауланғандардың  қайта дұрыс жолға түсіп, мемлекеттің тең құқылы азаматтарына айналуларына жол салады.

Гүлден Сәрсенбаева