Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылардың жетістіктері туралы көрме

 

 

 

 

Бұл мектепте 12 халықаралық спорт шебері, 24 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 70 спорт шеберіне үміткер тәлім алды. Солардың ішінде Ақан Баймағамбетов, Алексей Луценко, Наталья Рыбакова, Дмитрий Бабенко және Роман Креч Олимпиада ойындарында еліміздің намысын абыроймен қорғаған болатын. Білім ошағының алған асулары көп, олардың барлығын көрмеге сыйғызу мүмкін болмапты. Сондықтан интернат ұжымы оқушылардың тек соңғы үш жылда ие болған кубоктары, алқалары және грамоталарын таңдап, көрмеге қойыпты

  Наталья Черноморец,  облыстық спортта дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат директорының спорт бойынша меңгерушісі:
-Көрме Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында спорт жоғары қарқынмен дамып, осы салада толағай табыстарға жеттік. Мына марапаттар соның айғағы деп ойлаймын. Мұнда шәкірттеріміздің соңғы үш жылдық марапаттарын көруге болады. Көрмені тамашалауға ниет білдірген кез-келген азаматқа біздің есігіміз айқара ашық .

Айдада Демесінова