ТЖ

Төрт бірдей бала өрт құрбаны болды

 

 

 

 
 Қайғылы оқиға наурыздың жиырмасы күндіз сағат екі шамасында болған. Урожайная көшесінің қиылысындағы үйдегі сегіз пәтердің бірінен шыққан   жалынды көршілері байқаған. Олар бірден құтқарушыларға хабарлайды.

  Петр Давыденко:
– Өрт басталғанда ұлым досымен есік алдында тұрған. Көре салысымен олар жүгіріп барып отты сөндіруге тырысты. Құдықтан су тасып, өрт сөндірушілер келгенше көршілер тілсіз жауды ауыздықтаудың бар амалын жасап бақты.  

Өрт сөндірушілер отты жиырма бес минут ішінде ауыздықтаған. Бірақ балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Тілсіз жау төрт баланың өмірін қиды. Қаза тапқан бүлдіршіндердің үлкені жеті жаста болса, ең кішісі үш айға да жетпеген сәби. Өрт шыққан кезде олар үйде өздері ғана болған.

  Абзал Байтеленов, Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері:
Аналары ең үлкен баласы – 10 жасар қызын ертіп күйеуін қарсы алуға аялдамаға кеткен. Үйдегі балаларды сыртынан жауып кетіпті. Оның айтуына қарағанда, бұл оқиға бар болғаны жарты сағаттың ішінде орын алған.  

Алдын-ала болжам бойынша, ешкімнің қарауынсыз қалған балалар отпен ойнап, содан шыққан жалын үйді шар­пыған. Оқыс оқиғаның нақты себебі өрт-техникалық сараптама жұмыстары кезінде анықталмақ.
Жыл басынан облыс орталығында 58 өрт тіркеліп, соның  салдарынан жеті адам көз жұмған. Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар. Материалдық  шығын бір млн. теңгеден асып жығылады.  

Айымгүл Әбілева