Қоғам

Шетелдік бақылаушылар келе бастады

 

 

 

 

Ұлыбритания мен Германиядан жеткен бақылаушылар аудандарды аралап, сайлау учаскелеріндегі жұмыспен танысуда. Халықаралық байқаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесудің Солтүстік Қазақстандағы орталығы бұл күндері сайлауалды даярлыққа кіріскен. Шетелдік қонақтар үшін ақпараттық құралдар әзірленіп, олардың үкіметтік емес ұйымдармен, сайлау учаскелерінде кездесулер өткізулеріне барлық жағдай жасалған. Орталық қызметкерлері бақылаушыларды еліміздің тарихымен, бүгінгі өмірімен, жетістіктерімен таныстыруды жоспарлап отыр. Орталық әзірге таңертеңгі тоғыздан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Ал сәуірдің бірінен оның есігі тәулік бойы жабылмайтын болады.

 Олег Пономарев, халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу СҚ орталығының жетекшісі:

-Бақылаушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы елдерінен, көрші Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған облыстарынан келеді деп күтіліп отыр. Біздің облыста 761 сайлау учаскесі бар. Бақылаушылар үшін әр учаске бойынша мәлімет әзірленді. Сайлау жақындағанда және өтісімен осы залда баспасөз конференциялары ұйымдастырылады.  
  
Әсем Рахметова