Әр түрлі

Наурыз – мейірім мерекесі

 

 

 

 

 

Облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған мектеп-интернатының «Жұлдыздар» отбасында 16 бала бар. Мереке қарсаңында олар жайлы орындықтарға ие болды. Ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерге бұл сыйды “СЕВКАЗЭНЕРГО”АҚ қызметкерлері жасады. “Жетім көрсең –  жебей жүр” қағидасын ұстанатын кәсіпорын осымен 20 жыл бойы интернат тәрбиеленушілерінің 5-ші отбасын өз қарамағына алыпты.

  Алла Язовская, “СЕВКАЗЭНЕРГО”АҚ төрағасының бірінші орынбасары:
–  Мерекелер мен туған күндерді бірге өткіземіз. Наурыз мейрамының қарсаңында бос қол кірмей қажет деген жиһаздарды ала келдік. Әрдайым кездесіп тұрамыз. Уақытымыз қызықты өтеді. Олар өздерін қоғамнан шет қалмағандарын түсінеді. Ал біз   жасөспірімдермен әңгімелесіп, оң энергия алып кетеміз.  

Демеушілер сондай-ақ мереке қарсаңында тәтті базарлықтарын да ала келіпті. Барлығы бір үлкен отбасындай кең дастарханға жайғасты.

  Назим Никифоров, СҚО жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:
– “СЕВКАЗЭНЕРГО” кәсіпорынының қызметкерлері жаңа жылдың алдында бізге компьютерлер сыйлап, бөлмелерімізді күрделі жөндеуден өткізіп, жөнге келтіріп берді. Мектепке қажетті оқу жабдықтарымен де қамтамасыз етіп тұрады,  олармен әңгімелесудің өзі біз үшін қызықты.  

Интернаттың барлық 9 отбасында да осындай демеушілер  бар . Кез-келген мереке қонақсыз өтпейді. Әр тәрбиеленуші назарсыз қалмайды екен.
Сондай-ақ тәрбиеленушілер де демеушілерге жиі қонаққа барып, кәсіпорынды аралап, жұмыстарымен танысуды жақсы дәстүрге айналдырған.

Жеңіс Ермұқанов