Қоғам

Марафоншылар сайлауға шақырады

 Марафонға қатысуға бел буған 50 адам М. Жұмабаев көшесінен Бескөл селосына жол тартты. Облыс белсенділері Қызылжар ауданының орталығына дейін 15 км қашықтықты жүгіріп өтуі қажет. Осылайша марафоншылар әлеуметке елеміз үшін саяси маңызды науқанның жақындап қалғанын сездірді.

  Бақытжан Сәмиева, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
-Бүгінгі марафон біздің «Нұр Отанның» қалалық штабының ұйымдастыруымен өтіп жатыр Біздің халқымыздың денсаулығы мықты болуы керек, шынықтыру керек.

Сол үшін марафон өткізіп жатырмыз. 3 сәуірде сайлауымыз болады. Соған қатысуымыз керек. Соны өте сұраймыз.

Кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға ниет білдірушілер арасында жастардың қатары қалың. Өскелең ұрпақ ел тағдыры дұрыс басшының қолында болуы керек, сондықтан бұл жерде әр адамның дауысы қымбат дейді.

  Мақсат Үмітбаев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Марафон өте жақсы өтті. Ауа райы тамаша. Сәуірдің 3-і өтетін сайлауға қатысып, дауыс беремін.
 
Гүлден Сәрсенбаева