Қоғам

Маңызды науқан алдындағы кездесулер

 

 

Сайлауалды кездесулерде алдымен Қазақстанның жүріп өткен жолына ерекше көңіл бөлінеді. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында экономиканың қай саласын алсаңыз да атқарылған қыруар шаруаны көресіз. Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өскені, өнеркәсіптегі алға басушылық, әлеуметтік саладағы жетістіктер – осының барлығы коалиция мүшелерінің баяндамаларында көрініс тапқан.  

Анатолий Мишин, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Жолымызды төмен жалақымен, жұмыссыздықпен бастадық. Тәуелсіздіктің таңы осындай қиындықтармен атты. 1996 жылдар есімізде жылу- электр орталығы мазут пен көмірдің жоқтығынан 4 рет тоқтады. Бүгінде зейнетақы, жалақы өсіп жатыр. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды.  

Бүгінде экономикамыздағы өрлеумен, денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтармен мақтана аламыз. Білім беру саласын дамытуда жасалған қадамдар бүгінде өз үлесін беріп жатыр. Бірліктің, ынтымақтың арқасында халқымыз сайын даланың несібесін көріп, мәртебесін асырып келеді.

  Біржан Жалғасбаев,  С.Мұқанов атындағы қазақ- сазды драма театрының көркемдік жетекшісі:

-Бірлігіміз жарасқан елміз. Бірлік бар жерде татулық , береке бар. Берекемізді сақтайық. Үлкен көңілмен, рухпен болашақты жасауға аттанайық.  

Сөз алғандар дүйім халықты ел ертеңі үшін маңызды шараға шақырды. Тарихтан орын алар кезектен тыс сайлауда дұрыс шешім, нақты таңдау жасалытындығына сенім білдірді.

Әсем Рахметова