Ауыл шаруашылығы

Биыл облыста тыңайтқыш заводы іске қосылады

“Биоплант флора” органикалық-минералдық тыңайтқышы өткен жылы Жамбыл ауданында сынақтан өткізіліпті. Нәтижесінде өнімнің түсімі отыз екі пайызға артқан. Әрі тәжірибе алқабынан жиналған дәннің кілегейлігі 25,5 пайызды құраған. Енді биыл ресейлік технологияны егін себу науқаны кезінде облыс алқаптарында мүмкіндігінше пайдалану көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өткен кездесуде “Биоплант kz” ЖШС өкілдері жаңа технологияның артықшылықтарын сөз етті.

  Акоп Азарян, “Биоплант kz” ЖШС директоры:
– Көпжылдық тәжірибе бидайдың кілегейлігінің артатынын көрсетті.

  Акоп Азарян, “Биоплант kz” ЖШС директоры:
– Көпжылдық тәжірибе бидайдың кілегейлігінің артатынын көрсетті.

Сондай-ақ өнім 7-10 күнге ерте пісіп-жетіледі. Тыңайтқыштың өндірісінде нанотехнология пайдаланылғандықтан шығын көлемі көп емес. 1 гектар алқапқа 1 литр. Тыңайтқыш қоспасы өсімдіктің тамырына жіберілмей, бүрку әдісімен қолданылады.  

Мамандар барлық талаптарды сақтаған жағдайда дәнді дақылдардың түсімін қырық пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар дейді. Ал көкөністі сексен пайызға дейін көп алуға болады. Сондай-ақ минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануды 50 пайызға дейін қысқартуға ықпал етеді.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Органикалық-минералдық тыңайтқыш өндіретін зауыт Ресейде жұмыс істейді. Мен тыңайытқыштың бір бөлігін біздің облысқа жеткізуді ұсындым. Биыл өңір агроқұрылымдары көктемгі егіс кезінде осы технологияны мүмкіндігінше пайдаланып көруі қажет.  

Компания өкілдері облысқа 3 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге әзір. Айта кету керек, өнім биылғы егін себу науқаны кезінде ғана Ресейден жеткізілмек. Үстіміздегі жылы облыста “Биоплант флора” органикалық-минералдық тыңайтқышын өндіретін зауыттың құрылысы жоспарланған. Алғашқы өнімді тамыз-қыркүйек айларында шығару межеленіп отыр.

 Айымгүл Әбілева