Құқық қорғау органдары

“Жолдағы қабылдау”

  

 

 

 

 

“Южный” бекетінде жол полицейлері әдетте көлік жүргізушілерді құжаттар мен жүкті тексеру үшін тоқтатады. Бірақ бұл жолы хаттама толтырмай, тәртіп сақшылары азаматтарға жол қауіпсіздігі ережелері жөнінде жаднамалар мен кітапшалар таратып жатыр. Сондай-ақ сауалнама толтыруды ұсынуда. Жол полицейлері заңдылықтар мен конституциялық құқықтарды сақтай ма – жүргізушілер осы тәрізді сұрақтарға жауап берулері тиіс. Бұдан кейін “Жолда қабылдау” акциясын ұйымдастырушылар Явленка ауылының тұрғындарымен кездесті. Аудандық мәдениет үйіне жиналған жұртшылықтың жол полициясы басшылығы мен “Нұр Отан” партиясының өкілдеріне қояр сұрақтары мол болды. Кездесу соңында жол полициясы басқармасының бастығы Ақпан Дүкетбаев мемлекеттік автоинспекцияның ардагері Николай Балюкті туған күнімен құттықтады.
Ұйымдастырушылар Шалақын ауданы Сергеевка қаласының тұрғындарымен де кездесті. Мұнда да жүргізушілер жол полицейлеріне толғандырып жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

  Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы:
Бұл акция “Нұр Отан” партиясының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар шараға ішкі істер органдарының ардагерлері де атсалысты. Акцияның басты мақсаты – азаматтарға кеңес беріп,  көмек көрсету болып отыр. Кездесулер нәтижелі өтті. Тұрғындардың барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Мұндай акция аудан орталықтары – Мамлютка мен Пресновкада, сондай-ақ бірқатар бақылау бекеттерінде де өтті. Айта кету керек, облыста соңғы екі айда ғана 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Соның салдарынан 1 адам көз жұмып, 34 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Айымгүл Әбілева