ТКШ

Ауыз су сапалы әрі қолжетімді болады

Облыс орталығында соңғы екі жылда су және кәріз жүйелерін  жаңғыртуда үлкен жұмыс атқарылды. “Жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында тозығы жеткен құбырларды жөндеп, жаңаларын төсеуге 1, 2 млрд теңге бағытталған. Нәтижесінде қала бойынша 18 шақырым су құбыры ауыстырылып, 2 шақырым кәріз жүйесі қайта тартылды. Бұл жұмыс биыл жалғасын таппақ.

  Олег Пономарев , “Петропавл су” АҚ президентінің орынбасары:
– Елбасы биылғы Жолдауында тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Алдағы он жылда бұл бағытта үлкен жұмыс жасау көзделіп отыр. Биыл облыс орталығында 16-18 шақырым су жүйесін жөндеп, ауыстыру жоспарланған. Республикалық бюджеттен 338 млн. теңге бөлінді.
Қазірде тендер өткізілді. Мамыр айынан жұмысқа кіріспек ойдамыз.

Сондай-ақ желілерді жөндеуге акционерлік қоғам өз қаржысын да бағыттамақ. Бұл жұмыстар ауыз судың сапасын жақсартуға да ықпал етеді дейді мамандар. Кәсіпорында халыққа жеткізілетін судың сапасы күнделікті тексеріліп отырады. Қаланың әр ауданынан сынама алынып, зертханада құрамы мұқият тексеріледі. Ал биылдан ауыз суды тазартудың жаңа әдісі енгізілмекші.  Жаңа технология бүгінде Қарағанды қаласында қолданылады. Бұл әдіс барлық жағынан тиімді көрінеді. Судың сапасын жақсартады, әрі қаржылық жағынан да үнемді екен. Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесіне Елбасы биылғы Жолдауында үлкен көңіл бөлді. Республика бойынша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс. Қалаларда бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізілмек. Ал судың сапасы барлық санитарлық талаптарға сай болуы шарт. “Петропавл су” кәсіпорнының мамандары бұл міндетті алдағы жылдары бағыт-бағдарға ала отырып, кешенді және жүйелі жұмыс жүргізбек.

Айымгүл Әбілева