Білім

Жолдау жүктеген міндеттер орындалады

 

 

 

 

Мүкарам Тайжанова Елбасының “өмір бойы білім алу” әр қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс деген сөзді әуелден қолдаушылардың бірі. Сондықтан ол білім саласында қалыптасып жатқан әр бастаманың қажеттілігі мен маңызын түсініп, дамуына үлесін қосу әрбір азаматтың міндеті деп санайды. Даму көшінен қалыспау үшін университет проректоры алғашқылардың бірі болып PhD докторы атанғын да алды.

 Мүкарам Тайжанова,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты:
-Біздің ЖОО-ларға зерттеу жұмыстарын өткізу міндетін қойды. Былтыр инновациялық “Назарбаев университеті” ашылды. Онда тек шетелдік ғалымдар сабақ береді. Шетке шықпай, сапалы білім алуға болады
.

Одан өзге “Балапан”, “Болашақ” бағдарламалары сынды кемелдікке кең жол ашатын жобалардың жөні бөлек. Әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алу бүгінде әркімнің-ақ несібесі. Тек ниет пен мақсат болса жетерлік. Ал жыл сайын өсіп жатқан шәкіртақының ризығын көріп жүрген студенттердің оқуға деген құлшынысы да артатыны анық. Бүгінде университет бойынша 21 студент президенттік шәкіртақы алады.

 Әсемгүл Жуандықова,  жаратылыстану-жағрафия факультетінің студенті:
-Мен осында 2008 жыл түстім, бастапқыда ақылы негізде оқыдым, кейін грантқа ауыстырды. Өте қуанышытымын, бұл еліміздегі білім саласының дамығандығының арқасы деп ойлаймын.

Елбасының тілді дамытуға қатысты белгілеген міндеттерін университет проректоры қуана қолдайды. Өзің тұратын елдің туған тілін білмеу ұлтың үшін ұят болса, өзің қатарлы адамдардың жиындарда айтқан сөздерін түсінбесең, өз бағаң түседі дейді ол.

 Мүкарам Тайжанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты:
-Мен өзім неміс тілін оқыдым. Елбасы үшінші тіл ретінде ағылшын тілін білу керек деді. Әсіресе, ол орта буын үшін қажет. Қазір бүкіл әлемде глобализация жүріп жатыр. Қазақстан содан оқшау  қалмауы тиіс
.  

Аталмыш білім ордасында да қазақ тілін үйрететін тегін курстар ашылған. Онда оқитын студенттер мен қызметкерлер аз емес көрінеді. Демек, 2017 жылға дейін мемлекеттік тілді білетіндер санын 80 пайызға жеткізу міндеті орындалу үстінде.

 Кәусар Аяпбергенқызы