ТКШ

Таза ауыз сумен қамту шаралары жалғасады

Облыстағы 189 елді мекеннің тұрғындарына тіршілік көзі “Есіл су” кәсіпорнының топтық су құбырлары арқылы жеткізіледі. Өткен он екі айда 5 елді мекен үлкен су торабына қосылған. 2 710 шақырымдағы су жүйесі тазартылған. Алты шақырым апатты жағдайдағы су тораптары ауыстырылды.

 

 

  Мұрат Жантілеуов,  “Есіл су” РМК директорының орынбасары:

-Булаев топтық су құбырының Қызылағаш-Қиялы магистралі үшін 785 миллион теңге бөлінді. Зарослоеға баратын су жүйесін алмастыруға 932 миллион теңгенің сметалық жобасы жасалған.  

Қолданыстағы су жүйесі алмастыруды қажет етеді. Су құбырларының 50 пайызында осыдан 20 жыл бұрын қолданыс мерзімін өткен. 2009 жылдан бері облыста су бағасы субсидияланып келеді. Судың текше метрі – 300 теңге. Екі жылда субсидия 88 пайызға жетті.

– Біздегі үш елді мекен “Есіл су” кәсіпорны арқылы су алып отыр. Оның біреуі  – Ұзынкөлге су жеткізілу тоқтатылғалы бес жыл. Ауылда 300- дей тұрғын бар.  

  Валерий Гудченко,  “Есіл су” РМК Есіл су торабының бастығы:

-Жер жібісін, ауыл негізгі магистральдан ажыратылған. Күн жылынысымен құбырларды тазартып , су жібереміз.  

Ұзынкөлдіктер осы жазда суға қол жеткізетін болды. Ал бірқатар елді-мекен тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған “Ақбұлақ” бағдарламасының жүзеге асырылуын күтеді. Ал есілсулықтар бұл ретте шығын көлемін азайтулары керек.  

  Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО департаментінің бастығы:

– Мемлекет су жүйелерін жаңартып, қалпына келтіруге қыруар қаржы бөледі. Есесіне шығын да азаюы тиіс. Мемлекет мұны бақылап отырады. Шығынның қаншалықты кемігенін тұтынушы да білуі керек.
 Әсем Рахметова