ТЖ

Өртке қарсы рейд

 

 

Төтенше жағдайлар және ішкі істер департаментінің қызметкерлері бірлесіп, мұндай рейдтік шараларды үнемі ұйымдастырып отырады. Құтқарушылар кейде дыбыс күшейткішпен көше бойын аралап, техникалық қауіпсіздік жайлы ақпарат берсе, кейде әр үйге жекелей кіріп шығады. Тілсіз жаудың шығуына пештің дұрыс қаланбауы әсер етеді дейді мамандар. Мәселен, ағымдағы жылдағы 31 өрт оқиғасына осындай жағдайлар себеп болған.

  Айдын Ысмағұлов,  Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері:
– Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасы ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өрттің алдын алу шараларын өткізуде. Нәтижесінде өрттер 30 пайызға төмендеген. өрттің 1-ші себептері адамдардың пешті пайдаланып, құрастырғанда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.

Кейбір азаматтар өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспайды. Осылайша қайғылы оқиғаларға тап болып жатады. Ал енді біреулер төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің ақылын тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындауға тырысады. Ирина Фирсова солардың қатарында. Қауіпсіздік шараларынан хабардар болып, оны сақтау   келеңсіз жайлардан аман қалуға септеседі,- дейді қала тұрғыны.

  Ирина Фирсова, қала тұрғыны:
– Өрттің пайда болуына жол бермес үшін мамандардың кеңесін орындаймыз. Қыс мезгілі болғандықтан пешті жөндемедік. Жазғытұрым барлығын қалпына келтіретін боламыз. Ақаулықтарды жоямыз.

Жалпы жыл басынан бері қаламызда 55 өрт оқиғасы тіркеліп, 900 мың теңге көлемінде шығын әкелген.

Айдана Демесінова