Білім

Мектеп оқушылары арасындағы білім сайысы

 

 

 

 
Талаптары мен бақтарын бірдей сынай келген жас дарындар 9-11 сыныптарда оқиды. Олардың 220-сы қалалық, 139-ы аудандық, ал 143-і облыстық білім мекемелерінің шәкірттері. Ғылымның  бір саласында білікті маман иесі болуды қалайтын жасөспірімдер көбіне биология, жағрафия, тарих, қазақ тілі пәндерін таңдапты. Соның ішінде математикаға ден қоюшылардың үлесі басым. Өткен жылмен салыстырғанда биыл олардың қатары 52 сайыскерге артқан.

Балшекер Бақтыбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:
15-16 наурыз облыстық ІІІ кезең өткізіледі. Өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны көбейді. Олимпиадаға қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

Жарысқа қатысушылар бұрындары да білім додаларында биік белестерден көрініп, жақсы оқу үлгерімімен көзге түсіп жүргендер. Биылғы сайыскерлер арасында 54 «Алтын белгі» үміткері бар.

 Гүлстан Жарасбаева, Еісл ауданы білім бөлімінің әдіскері:
 Есіл ауданынан келдік. 10 бала әкелдім. Қазақ тілі, орыс тілі, географиядан қатысатын оқушылар. Біздің оқушылар жыл сайын жүлдегер атанып тұрады. Бұл оқушылар арасында «Алтын белгіге» үміткерлер де бар.

Білім сайысына келген оқушылардың мақсаты  – республикалық кезеңге өту. Солардың бірі – Еркебұлан Сапарғалиев. Ол олимпиадаға Тайынша ауданынан келген. Жеткіншек сүйікті пәні – Қазақстан тарихынан білімін тексеруде. Жас зерттеуші үнемі ізденіс үстінде. Ол талай ғасырды қамтитын бабалар шежіресін аз уақытта меңгеру мүмкін емес дейді. Ал олимпадалар сол біліміңді толықтырып, бекіте түседі.

  Еркебұлан Сапарғалиев, Тайынша қаласындағы  № 5 орта мектеп оқушысы
-Сұрақтары өте күрделі. Қазақстан тарихын алған себебім мамандығыма келеді. Болашақта Қазақстанды   көтеретін саясаткер болсам деймін.

Сайыскерлерге екі турдан өту керек. Үздік үштікке  лайық деп табылғандар іріктеу кезеңіне өтеді. Одан кейін республика деңгейінде сыналмақ.

Гүлден Сәрсенбаева