Балалар

Салауаттылық жайлы пікірталас

 

 

 

 

 

“Салауатты өмір салты – бүгінгі күннің басты ұстанымы” тақырыбында пікір таластырған жастар қазақ және орыс лигаларына бөлініп, әрбірі бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Жарысқа 18 мектептен 20 команда қатысты.

  Наталья Кудинова, “СҚО белсенді жастары” жастар ұйымының менеджері:
– “Салауатты өмір салты” мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Ең әуелі балалар үшін. Өйткені жас кезінен денсаулықты сақтау болашақта өз жемісін бермек.

Раушангүл Абаева  – “Эксклюзив” тобының үшінші спикері. Бұл сайыстағы оның басты міндеті – ойынға сараптама жасау. Қазақ мектеп-гимназиясының 11сынып оқушысы өзіне жүктелген тапсырманы абыроймен орындап шықты. Нәтижесінде қазақ тілді командалардың арасында үздік спикер атағына ие болды. Командасы да топ жарды.

 Раушангүл Абаева, дебатқа қатысушы, қазақ мектеп- гимназиясының оқушысы:
– Жалпы дебат ойындары маған қатты ұнайды. Мен 6-сыныптан бері дебат ойынына қатысып жүрмін. Дебат өзімді әрі қарай жетілдіруге, өзімнің білімімді жетілдіруге көмек береді деген ойдамын.

Ал “Дарын” мектеп-лицейі құрамасының мүшесі Ксения Хатимлянская орыс тілді лига бойынша үздік ойыншы атанды. Қазақ лигасында жақтау тобында болған  қазақ мектеп-гимназиясының “Эксклюзив” командасы үздік атанса, орыс тілді қатысушылар арасында даттау позициясында болған “Дарын” мектеп- лицейінің дебатшылары топ жарды. Сондай-ақ пікірсайыс соңында үздік ойыншылар анықталды.

 Айдана Демесінова