Әр түрлі

Православиелік христиандар ауыз бекітті

 

 

 

 

 
Православиелік христиандар жыл сайын осы уақытта шіркеуге көптеп жиналады. Барлығы құдайға сыйынып, оң бағыттан тайғандарды ақ жолға салуын тілейді.

 протоиерей  Сергий:  
– Ауыз бекіту арқылы адам жасаған зұлымдықтары үшін құдайдан кешірім сұрап, жандарын тазартады. Бұл уақытта аузына нәр алмай, шыдамдылығын тексеріп, бар жамандықпен күресуге даяр екендігін көрсетеді.  

Православтарға  40 күн бойы асқа шектеу қойылып қана қоймай, қандай да болмасын мейрамдарды тойлау күнә болып табылады. Сондай-ақ  бұл күндері мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесу де парыз.  

протоиерей Сергий:  
-Иса пайғамбар “егер де көшеде сенің көмегіңді қажет ететін адамды кездестірсең, оның діні, тілі, нәсілі, ұлтына қарамай жәрдемдесуің қажет” деген болатын. Қасиетті  Библиямызда да осылай жазылған. Осыны ұмытпау керек. Бүгін оған, ертең өзіңе көмек қажет болуы мүмкін. Барлығы да құдайдың қолында.  

Құдайға сыйыну үшін шіркеуге келгендердің арасында Людмила Каюнова да бар. Ол 10 жыл бойы діни мерекелерді көппен бірге қарсы алу үшін осында келеді екен.

Людмила Каюнова:
– Мен үшін ауыз бекітудің мәні зор. Отбасым мен туысқандарым, дос-жарандарымның амандығы үшін құдайға жалбарынып, тілегімді айтамын.   

 
Жеңіс Ермұқанов