Білім

Петропавлда Президенттің зияткерлік мектебі салынады

 

 

 

 

 

Елімізде Тұңғыш Президенттің 20 мектебін салу жоспарланған. Олардың алғашқы төртеуінде оқу жүріп те жатыр. Үстіміздегі жылы облыс орталығында зияткерлік мектептің құрылысы басталмақ.

Темірғали Әбілмәжінов, облыстық білім басқармасының бастығы:

-Бензостройда болады. 720 орындық. 11 айда құрылысы аяқталады.

Химия-биологиялық бағыттағы мектепте 120 орындық интернат да қарастырылған. Мектепке балалар үлкен байқау бойынша қабылданады. Бұл елімізде білім беру саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. “Балапан” бағдарламасы бойынша өткен жылы 4 400 ден аса бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесіне барған. Үстіміздегі жылы 3 600 орын ашылмақшы. Осылайша 2015 жылы облыстағы балабақша мәселесін толық шешу жоспарланған.

  Темірғали Әбілмәжінов, облыстық білім басқармасының бастығы:

Бескөлде  – мектеп, Петропавлда балабақша ашылады.

Елімізде білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. Мұғалімдердің мәртебесін өсіру бойынша жұмыс қолға алынған. Үстіміздегі жылғы жолдауында да Елбасы сапалы білім Қазақстанның дамуының негізіне айналуы керектігін айтты.

  Темірғали Әбілмәжінов, облыстық білім басқармасының бастығы:

-Қай жолдауды алсаң да Президент жыл сайын білім беру саласын ұмытпайды. Бүгінгі партадағы бала -ертеңгі елдің болашағы.

Ел тәуелсіздігін алар-алмаста “Болашақ” бағдарламасы қолға алынды. 1993 жылы бастау алған бағдарламаның арқасында білім алған жастар бүгінде ел экономикасының дамуына үлес қосып жүр. Сыныптарды жарақтандыру, жаңа үлгідегі техникамен қамтамасыз ету – баланың заманға сай білім алуына мүмкіндік береді. Осының барлығы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері.

 Әсем Рахметова