Мәдениет

«Есіл өңірі жұлдыздары»

 

 

 

 Сарыарқада күміс көмей жас әншілердің баршылық екенін дәлелдемек болғандай дәстүрлі 21-ші сайысқа облыстың әр түкпірінен 60 орындаушы мен 18 ансамбль жиналыпты. Жарыстың алғашқы іріктеу кезеңінен кейін олардың саны 28 өнерпаз бен 7 ансамбльге қысқарып қалды. Ал өткендері келесі шешуші сәт алдында қобалжулы.  Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Олжас Майтпасов үлкен сахнаға алғаш рет шықпақшы. Әдетте ол әкесінің сұрауы бойынша үйінде ғана ән айтатын көрінеді.

 Есет Майтпасов,  сайысқа қатысушы:
Мен бүгін «В горнице» деген ән орындаймын. Аса көп дайындалған жоқпын. Дегенмен қазылар дұрыс бағалап, жүлделі орын аламын деп үміттенемін.

Ал 8 жасар Дариға Кәрімова үшін бұл сын артта қалды. Кішкентайынан ән мен биге құмар қыз еш қобалжусыз әдемі әнін орындап шықты. Дариғаның барлық жақын жандары да бұл сәтте көрермен залынан табылып, қолдау көрсетіп отырды.

 Дариға Кәрімова, сайысқа қатысушы:
-Мен ән айтуды жақсы көрем, анам үйретті. «Ертегілер» әнін айттым, бір орын аламын деп ойлаймын.

Жас ерекшелігіне қарай 6 топқа бөлінген орындаушылар арасында 12 жасар Диляра Төлешова аса күрделі әнді таңдаған екен. Дегенмен «Сүгірдің термесі» қате таңдау еместігіне әділ қазыларды сендіргендей болды.

Диляра Төлешова,  сайысқа қатысушы:
-Мен мұндай үлкен сайысқа бірінші рет қатысып отырмын. «Сүгірдің термесі» сүйікті әнім болғандықтан таңдадым.  

«Сүгірдің термесі» үшін Диляраға 2-орын тиді. Дариға – 3, Олжас 2-ші орындарға лайық деп танылды. Ал Яна Ян, Данияр Маратбеков, Алма Жанаева өнер сынының аталымдарында үздік деп танылды. Ансамбльдер арасында Мамлют ауданының дарындары Альбина мен Евгений Зиновьевтар гран-приді еншілесе, 1-орын Диас Шәріпов пен Дмитрий Манзюкке бұйырды.

Кәусар Аяпбергенқызы