Спорт

Бапкер құрметіне өткен турнир

 

 

 

 

Жарыс 9-шы жыл қатарынан өтуде. Осыған дейін «Авангард» футбол клубының ардагерлері күштерін сынап келді. Енді олардың орнын 14-15 жастағы балалар басты. Қатысушы 4 команданың 3-уі олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жеңіс» мектебінің құрамасы болса, енді біреуі Мамлют ауданынан келген спортшылардан құралған.

Қанат Мұхамеджанов, сайыс төрешісі:
– Жарыстың мақсаты балаларды спортқа шұғылдандыру, футболға ынталандыру және қабілетті балаларды тауып, әрі қарай өсіру.

«Авангард» футбол клубының ардагерлері сайыстың құрметті қонақтары болып, оның ашылу салтанатына қатысты. Солардың бірі Виктор Кузнецов «Авангард» құрамасына Георгий Паротиков басшылық еткенде команда біршама жетістіктерге жеткендігін айтты.

  Виктор Кузнецов, “Авангард”футбол клубының ардагері:
– Біз Қазақстан кубогын ұтып алдық. Ел біріншілігінде де жеңіске жеттік. Сондай-ақ Кеңес Одағы кубогының ақтық сайысында бағымызды сынап, 3-орынды еншіледік.

Асхат Жұмабеков – олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жеңіс» мектебінің тәлімгері. 13 жасар баланың арманы – келешекте атақты спортшы болып, еліміздің футболын дамыту.

  Асхат Жұмабеков,  жарысқа қатысушы:
Маған футбол өте ұнайды. 7 жастан ойнап жатырмын. Футбол өте жақсы спорт. Болашақта атақты футболшы болғым келеді..

14 жастағы балдырғандардан құралған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жеңіс» мектебінің тобы үздік көрсеткішке ие болды. 2-ші, 3-ші орынды да осы мектептің командалары өзара бөлісті. Ал Мамлют ауданынан келген құрама болса, 3-орынды місе тұтты.

Айдада Демесінова