Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау саласы реформаланады

 Гүлнар Қожахметова азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 24 жыл бойы қызмет етіп келеді. Содан бері кәсібінде талай өзгерістерді басынан өткерген. Облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары тәуелсіздік алғанға дейінгі жағдай мен бүгінгі тыныс-тіршілігімізді салыстыруға келмейді дейді. Себебі  20 жылда елдің әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жақсарды. Қаланы былай қойғанда, ауылдар көркеюде. Есесіне елді мекен тұрғындарына сапалы білім беріп, денсаулықтарын нығайтумен қоса, азаматтық хал актілерін де жүргізу керек. Осы тұста әділет департаментінің қызмет сапасы ілгері басқаны айқын сезіледі.

  Гүлнар Қожахметова,  СҚО әділет департаменті бастығының орынбасары:
– Егер 20 жыл ішінде жасалған жұмыстарды еске алатын болсақ, онда біздің жүйеде атқарылған игі істер бастан асады. Бұрын азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері ғана жұмыс істеген. Кейін 2004 жылы аудандық әділет басқармасы ашылды. Бұл өзгеріс елді мекендер тұрғындары үшін жақсы болып отыр. Олар керек құжаттарын облысқа келмей-ақ, сол жерден жасай алатын болды.

Қазақстан аз уақытта беделді мемлекетке айналып, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алды.  Бұған Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті дәлел бола алады. Бұл ерен жетістіктерді Гүлнар Қожахметова Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесі деп біледі. Әсіресе  биыл құқық қорғау жүйесінде қабылдаған заңдар қоғамды ізгілендіруге жол салды.

– Мен Жолдауда көрсетілген құқық қорғау жүйесінде өткізілген реформаны атап өткім келеді. Реформа шеңберінде үлкен, қажетті жұмыс атқарылды. 16 заң шығарылды. Яғни, қылмыстық іске байланысты қолданылатын жазалар жеңілдетілген. Меніңше ізгілендіру шаралары қателік жасаған адамдарға дұрыс жолға түсуге мүмкіндік береді.  

Гүлнар Қожахметова Елбасының кезекті жолдауында түрлі сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктелгенін айтады. Сондықтан  мемлекеттің әр азаматы бұл міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қоса алады.

Гүлден Сәрсенбаева