Әр түрлі

Петропавл сайлауға әзірленуде

Орталық сайлау комиссиясынан келген ақпараттық көрнекілік әр учаске төрағасына таратылып жатыр. Комиссия мүшелері үшін заңнамалар да міндетті түрде қажет. Ал кандидаттар туралы ақпаратты орналастыруда  олардың тіркелу тәртібі сақталуы тиіс.  Облыс орталығында 87 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Жергілікті атқарушы органдар қазір сайлаушылар тізімдерін анықтауда. 733 – сайлау учаскесінің төрағасы Бақытжан Теміров бұл жолы сайлауға шақыру қағаздарын да алды. Сайлаушылар тізімдері қолдарына тиісімен тарату жұмысын ұйымдастыру керек.

  Бақытжан Теміров,  № 733 сайлау учаскесінің төрағасы:

 

 

Сайлауға не керек, учаскеде барлығы бар. Олармен учаске мүшелері танысқан. Енді сайлауға шақыру қағаздарын таратамыз.

Шақыру қағаздары наурыздың екінші жартысынан таратылмақ. Сайлау комиссиясына қоңырау шалушылар да мол. Көпшілігі өз учаскелерін анықтауда.

  Николай Петров,  Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Сайлау учаскелері таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс, мереке күндері де учаскелер ашық. Сондықтан сайлаушылар келіп, жауапты науқанға қатысты ақпарат ала алады.

Сайлау учаскелерінің мүшелері үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылған. Бұл жолы да өз Президенттерін сайлауға барынша мол дауыс беруші келеді деп күтіліп отыр.

 

Тұрғындар:

– Сайлауға қатысу керек. Мен семьяммен барамын.
– Міндетті түрде келемін. Біз өз Президентімізді сайлауымыз керек.

Әсем Рахметова