«Қазақстан -2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында

Қоғам

15:24 12 Наурыз 2011



 Облыста үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді мақсат еткен арнайы топты “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Президенттікке үміткер Н.Назарбаевты қолдау штабының жетекшісі Нұрлан Нығматуллин бастап келді. Делегация құрамында “Қазақстан -2020” демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының мүшелері – қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, депутаттар, белгілі өнер майталмандары, спортшылар бар. Облыс активімен кездескен коалиция мүшелері солтүстікқазақстандықтардың алдағы Президент сайлауында белсенділік танытатынына сенім білдірді.
“Әділет” , “Ауыл” сияқты партиялар “Қазақстан -2020” коалициясының құрамына еніп, ортақ мақсаттарды көздеген саяси ұйымдар. Бұл жолғы кездесуде партия жетекшілері халықты нақты шешім қабылдап, азаматтық көзқарас танытуға шақырды.
Сөз алған Мәжіліс депутаты, “Қазақстанның азаматтық Альянсы” қоғамдық ұйымының төрайымы Айгүл Соловьева, Сенат депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Анатолий Башмаков, Еңбек Ері Генннадий Зенченко ел тағдырын тапсыра алатын басшы таңдауда халықтың салиқалы шешімі қажет екендігін айтты. Мемлекет пен ұлт мүддесі үшін ортақ таңдау жасалса деген тілектерін жеткізді. Елдің тұрмысын жақсартып, әлеуетін арттырып, сыртқа танытатын Президентті таңдау тұрғындардың өз қолында.

“Зенченко и К” командиттік серіктестігінің ұжымымен өткен кездесуде еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі оң өзгерістер сөз болды. Аграрлық саланы дамыту бағытында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда.

 Геннадий Зенченко,  “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің бас директоры:
-Келекшекте өндірісті кеңейтуді көздеп отырмыз. Серіктестікті дамытпақпыз. Бұл үшін елімізде бар жағдай жасалып жатыр. Қазақстанның әрі қарай өсіп-өркендей беруі барлық  халықтың қалауы. Бұл үшін сәуірдің үші өтетін сайлауға барлығымыз атсалысып, өз болашағымыз үшін дауыс беруміз қажет. 

 “Қазақстан-2020” жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына кірген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, бірлестіктердің жетекшілері “ЗИКСТО” зауытының жұмысшыларымен де кездесті. Онда ел игілігі үшін қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.


«Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына кірген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, бірлестіктердің жетекшілері “ЗИКСТО” зауытының жұмысшыларымен де кездесті. Меймандар зауыттықтарға бір тудың астына жиналудың маңыздылығын айтып, сайлауға бір адамдай атсалысуға үндеді.

 Ермахан Ибраимов, «Қазақстан-2020»  жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшесі:
– 10-11 жыдарда  үлкен іс-шаралар өтті. ОБСЕ, Азия ойындары өтті дүркіреп. Қазақстан чемпион атағын жеңіп алды. Бұл шетел азаматтарының назарын Қазақстанға бұрғызды. Шетел азаматтары Қазақстандағы сайлау қалай өтеді деп сын көзбен қарап отыр. Сондықтан бір кісінің баласындай 100 пайыз сайлау учаскілеріне келіп, дауыс беруіміз керек.

Өз кезегінде ел өнеркәсібінің өркендеуіне үлес қосып жүрген зауыт жұмысшылары көп көтерген жүктің жеңілдігін түсінетіндіктерін жеткізді.

 Нұрбол Сарғасқаев:
 – Мен тәуелсіздіктің құрдасымын. Осы зауытта істеп жатқаныма 2 жыл. Тәуелсіздіктің арқасында сапалы білім алып, білім арқасында осы  салада жұмыс істеп жатырмын. Алда сайлау келе жатыр. Осы сайлауда біз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береміз. 

Облыстың зиялы қауымымен, студент жастармен кездескен  делегация құрамындағы  белгілі өнер қайраткері Айман Мұсаходжаева, жазушы Нұрлан Оразалин, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл, олимпиада жеңімпазы Ольга Шишигина өз салалары бойынша бүгінгі қоғамның қалыпты жағдайын тілге тиек етті.

Тәуелсіз Қазақстанның басты табысы – халқының татулығы, бірлігі. Бүгінде елімізде 130 -дан аса ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық салалармен қатар өнерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

 Бақытбек Смағұл:

-Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығы, мемлекетіміздің мұраттылығы, мақсаттарымыздың қуаттылығы үшін Елбасымызды жан-жақтан қолдайық. Әр түрлі ұлт өкілдері болсақ та осындай үлкен жерді Алла тағала біздің маңдайымызға берді.

Үгіт -насихат тобы мен солтүстікқазақстандықтардың кездесуі жалынды жырға, сырлы музыкаға ұласты.

 Әсем Рахметова, Айымгүл Әбілева,  Жеңіс Ермұқанов, Гүлден Сәрсенбаева