Құқық қорғау органдары

Героин сатқан екеу ұсталды

 

 

 

 

Тәртіп сақшыларына Петропавлдың екі тұрғыны героин сатумен айналысып жүр деген жедел ақпарат түскен. Бұрын сотталмаған есірткі саудагерлері арнайы операция барысында бірден қолға түсті.   Сезіктілердің екеуі де нашақор ретінде облыстық наркология орталығында тіркеуге алыныпты. Айғақ заттар күдіктілердің пәтерін тінту барысында анықталды.

  Михаил Пуянаускас, СҚО ІІД кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы :
– Пәтерді тексеру барысында есірткі іздеуге арнайы жаттықтырылған Пит есімді ит кіре берістегі есіктің табалдырығына жақындап, белгі берді.
Тексеру барысында линолеум астынан ішінде героин жатқан жылтыр пакет табылды.  

Сараптама қорытындысы тәркіленген ақ ұнтақ заттың салмағы 5 грамм героин екенін көрсетті. Сонымен қатар подъезд пен пәтерде қабылдауға дайындалған шприцтер табылды. Қазіргі уақытта есірткі саудагерлері қамауға алынып, тергеу жұмыстары басталды. Жалпы үстіміздегі жылдың басынан солтүстікқазақстандық полицейлер есірткіге қатысты 65 қылмыстық іс қозғаса, олардың 34 есірткі саудасына қатысты. Заңсыз айналымнан 7 килограмнан астам түрлі есірткі заттары алыныпты, оның 71 грамы героин.

Кәусар Аяпбергенқызы