Спорт

Шағын футболшылар турнирі

 

 

 

 

Бұл шешуші ойын. Алаңда «Тамерлан» мен «Қызылжар» командаларының әуесқой ойыншылары. Қарсылас қақпаға алғашқы допты «Тамерлан» салды.  Футболдан көптен қол үзіп қалғандықтан турнирдің ұйымдастырылғанына ойыншылардың бәрі дән риза болды.

 Марат Меретинов,  “Тамерлан” командасының футболшысы:
– Биыл облыс әкімі мен ұйымдастыру комитетінің арқасында алғаш рет осындай турнир ұйымдастырылып отыр. Біз 3 ай сайын футбол ойнап, сайыстар өткіземіз. Доп тепкенді жақсы көргендіктен енді мұндай жарыстарға жиі қатысатын боламыз.  

Ойыншыларға дем беру үшін олардың достары, әріптестері мен жақындары келді. Сондықтан футболшылар бұл күні бар күштерін салды. Ең алғашқы турнирдің жеңімпазы атану –  абыройлы іс. «Тамерлан» ойыншылары бірінші минуттардан үлкен белсенділік танытып, 3 голдың арқасында жеңіс тұғырына жетті. Екінші орында «Қызылжар» командасы, жеңімпаз үштікті банк қызметкерлерінің құрамасы тұйықтады. Кездесулер 2 ай көлемінде демалыс күндері «Петропавл СУ» АҚ залында өтіп тұрды. 2 айналым бойынша облыс әкімінің сыйлығын 8 команда өзара бөліске салды.

 Спартак Басағаринов, турнирді ұйымдастыру комитетінің жетекшісі:
– Турнирді лайықты деңгейде өткізе алдық деп ойлаймын. Петропавлда футболдан мұндай үлкен сайыс алғаш ұйымдастырылды. Сондықтан осы спортшылар қаламыздың спорттық өміріне араласқылары келді.

Сайыс жеңімпаздарына грамота мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бірақ футболшылар үшін ең басты сый -ұйымдастырушылардың турнирді дәстүрлі түрде өткізіп тұруға берген уәдесі.

 Кәусар Аяпберегнқызы