ТЖ

Мейрам күндері өрт көбейді

 

Құтқарушылар Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимка селосындағы 5 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті ауыздықтап, екі адамды ажалдан арашалап қалды. Ал Қызылжар ауданының Прибрежный ауылындағы 2 пәтерлі тұрғын үй толығымен отқа оранған. Баспана иелері қауіпсіз жерге көшіріліпті.  Мамлют ауданының Искра селосында қас қарайған сәтте жер үйлердің бірі тілсіз жаудың қармағына іліккен. Оқиға орнында іздестіру шаралары жүріп жатыр. Қайтыс болған үй иесі мен оның жолдасының мәйіті әзірге табылған жоқ.
Тимирязев ауданының тұрғыны мен Петропавлдағы Лобков және Пугачев көшелерінде  үй аулаларындағы моншалардың  ішкі қаптамасы күйіп, үстіңгі жабыны зиян шегіпті.  Мұндай жағдай «Полет» саяжай қоғамында да тіркелді. Өрттен моншадағы жиһаздар жанып, іште тұрған екі газ баллондарының біреуі жарылған. Екіншісін өрт сөндірушілер сыртқа шығарып үлгерген. Абырой болғанда , жапа шеккендер жоқ. Қазір төтенше жағдайлардың шығу себептері анықталып жатыр.  Жыл басынан облыста материалдық шығыны 60 млн теңгеден асатын 154 өрт оқиғасы тіркеліп, 22 адам қайтыс болған. Екеуі бала.

 Айдана Демесінова