Мәдениет

Қолданбалы қолөнер бұйымдарының көрмесі

 
Көрмеге қойылған қарбыздар шын жеміске ұқсайды. Бір қарағанда киізден жасалған деп ойламайсың. Бұл жұмыстардың авторы  – Юлия Руденко. Түрлі-түсті,    бояуы қанық бұйымдар көздің жауын алады.

Юлия қолөнердің қыр-сырын толық меңгеру үшін дизайнер мамандығына түскен. Талантпен қатар бойында талабы мол қыз кез-

 

келген үйдің сәнін келтіре алады. Ал ол ойын жүзеге асыруда болашақ безендірушіге киіз материалы үлкен көмекші.

  Юлия Руденко,  СҚМУ студенті:
 – Мен осы материалмен жұмыс істеп көрген едім. Маған ұнады. Мына әшекейлерді кезкелген киіммен тағуға болады. Мәселен, білезік көйлекке жарасады.  

Қай кезде болмасын үйді безендіру ісі әйел затының мойнында екені белгілі. Бұрын нәзік жандар соңғы үлгі бойынша жасалған бұйымдарды алуға тырысатын.  Ал қазір әр адам өз шаңырағын талғамына сәйкес әдемілегенді қалайды.  Мәселен, Елена Елизарова өз баспанасын фарфордан құйылған гүлдермен безендіретін көрінеді. Декоратордың қолдан жасалған зергерлік бұйымдары көрмеде де айрықша орынға ие болды. Келесі жұмыстар Анна Бондаренконікі. Қолданбалы өнер түрін кәсіби түрде меңгеріп алған дарынды жас көрмеге фьюзинг арқылы жасалған әшекей бұйымдарын, қабырға сағаттарын ала келген. Шебердің айтуынша, жақында бұл әдіс басқаларын айналып өтпек.

  Анна Бондаренко,  “Le-Pota” арт-студиясының жетекшісі:
Фюзинг қолөнердің жаңа бір түрі. Ол шыныны балқыту бойынша жасалады. Өте қызық техника.

Сонымен қатар Анна өзімен бірге қолдан балқытылған сабындарын да әкеліпті. Мұндай хош иісті сабындарды жасау үшін фантазия мен еріткіштер қолда болса жеткілікті. Тек сонда ғана   қауын, шоколад, раушан сияқты  сабындарды жасауға  болады.  Көрмеге қойылған әр бұйым аса ерекше сүйіспеншілікпен жасалған. Бұл бұйымдар Халықаралық әйелдер күні мерекесінде аяулы аналар мен қыз-келіншектерге жақсы сыйлық болары  сөзсіз.

Гүлден Сәрсенбаева