Спорт

Батыр атындағы дәстүрлі жарыс

 Сайысқа қатысушылар сапқа тізілді. Қатардағылар – қалалық 4 білім ошағының оқушылары. Ұйымдастырушылар спортшылардың көңілін көтеру үшін  алдымен кё-кушинкай каратэшілерінің әзірлеген жаттығуларын ұсынды. Турнир спорттың 6 түрінен тұрды. Олар: тоғызқұмалақ, волейбол, шағын футбол, шахмат, дойбы және үстел теннисі. 4 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жарыс – дәстүрге айналыпты.

  Валерий Маслов, СҚО «Одақ» комсомол ардагерлері кеңесінің төрағасы:

 

 

-Біз 180 мың теңге көлемінде қаражат бөлдік. Доп, арнайы киімдер, үстел ойындарын сыйға тартамыз. Осылайша – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

Біреулер шахмат ойынында күш сынасып жатса, біреулер қазақтың ұлттық ойыны – тоғыз құмалаққа қатысуда. Байқадам Есімсейітовтың спорттың бұл түріне бет бұрғанына не бары 2 апта екен.  Алайда мұндай интеллектуалдық ойында оған тең келер әзірге жоқ.

  Байкадам Есімсейітов, № 1 мектеп-интернаттың  9-сынып оқушысы :

-Жеңгеніме қатты қуанып отырмын. Қарсыласым мықты болды. Алда да жолым болатынына үміттімін.

Ал қимыл-қозғалысты жақсы көретін сайыскерлер волейболға қатысты. Ойын алаңында  № 42  және 44  мектептер  командалары. №42  мектептің волейболшылары бастапқы минуттарынан-ақ басымдықтарын көрсетті. Нәтижесінде есеп – 25:18.

  Руслан Серғазин, №42 орта мектептің 10 сынып оқушысы:
Қарсыластарым мықты болғанымен, біз жеңіске жеттік. Келесі ойындарда да жақсы нәтиже көрсететінімізге үміттенеміз. Ең бастысы жеңіс емес, жарысқа қатысу екендігін естен шығармаған жөн. Барлығына сәттілік!

Турнирге қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды.

 Айдана Демесінова