Билік

Аналар алқа тақты

 Спортшы, ұстаз, көпбалалы ана, автобус контролері, кітапханашы. Олардың бәрі өз салалары бойынша жемісті жұмыс жасап, қоғамның ілгерілеуіне үлесін қосып жүрген аяулы жандар. Бәрінен бұрын олардың әрбірі тіршілікке нәр беріп, жүректерге махаббат ұялатар әйел қауымының өкілдері. Сондықтан бүгінгі жылы лебіздердің бәрі соларға арналады. Жиналған нәзік жандардың бірқатары қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің қолынан құрмет грамотасын алды. Ал Сәбира Кәрімова 9 бала тәрбиелеп, 22 немеренің ақ әжесі атанып отырғаны үшін “Алтын алқа” тағынды.

  Сабира Кәрімова,  көпбалалы анна:
– Қазақстанның барлық әйелдерін құттықтаймын. Бәріне бақыт тілеймін.

Құттықтау сөзін жолдаған қалалық  мәслихат  депутаты Жангелді Тәжин мемлекеттің басқан әр қадамын әйел затының еңбегімен теңгеруге болады деп бар ер адамдардың атынан қыздар мен аналарға алғысын білдірді. Жиын тамаша мерекелік концертке ұласты. Көктемнің ең шырайлы да шуақты мерекесінде аналарға ән арналды, жүректен шыққан жыр жолдары жолданды.

Ең бастысы, олардың әлемді әлдилеген еңбектері бағаланды. Сонысымен де бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның әйелдері шын бақытты.

 Кәусар Аяпбергенқызы