Әр түрлі

70 жылдан кейін майдангер-әкесі туралы хабар алды

 

 

Майдангердің қызы Нина Юрина талай жылдар өтсе де, әкесінен хабар болар деген үмітін үзбеген.

  Нина Юрина:
 – 1942 жылы әкемнің соңғы хатында “Мен үш ай бойы фашистердің тылына барып, барлаушылардың қатарында Ұлы жеңіс үшін құнды ақпарат жинап жүрмін. Бүгін 11-ші рет жау бүйірінен күтпеген соққы жасау үшін дайындалып жатырмын деді. Содан бері әкемнен хабар жоқ, із-түзсіз жоғалып кетті.

ҰОС хабар-ошарсыз жоғалып кетті деген сөздермен өмірбаяны үзілген солтүстікқазақстандық Василий Михайлович Климовтың есімі қайта оралды. Нина Васильевнаның күйеу баласы наурыздың үші кешкісін қоңырау шалып, Климовтар әулеті 69 жыл күткен хабарды жеткізіпті.

 Нина Юрина:
– МТРК  жаңалықтарынан сіздің әкеңізбен аттас бір жауынгер табылды деп айтып жатыр.
Мекенжайы да бір. Мүмкін ол шынымен Василий ағай шығар деді. Мен сол сәтте төбем көкке жетіп, отырарға жер таба алмадым. Тірі ме деп сұрадым.  

1945 жылдың 19 мамырында Василий Климов Нидерландының Амерсфорт қаласының маңындағы бауырластар зиратына жерленген екен. Бұл мәліметтерді шетелдік журналистер Ирина мен Ремко Рейдингтер жіберді.

 Нина Юрина:
– Біз әлі тірі жүр деп үміт үзбей бүгінге дейін іздеуімізді тоқтатпадық.
Бірақ еш жерден мәлімет табылмады. Бармаған жеріміз қалмады.  

Василий Михайловичтың екі қызы мен бір ұлынан бүгінде тірі қалып жер басып жүрген жалғыз Нина Юрина.

 Нина Юрина:
– Әкем соғысқа аттанғанда мен екі жаста ғана едім. Сондықтан қандай адам болғаны есімде қалмапты. Шешем оны адамгершілігі мол, жақсы азамат еді деп жиі есіне алатын. Енді жаз келісімен қабіріне барып, рухына тағзым етеміз.  

Қазір Василий Климовтың 5 немересі мен 4 шөбересі, екі неменесі атасының ұрпағын жалғастырып келеді екен.

Жеңіс Ермұқанов