Қоғам

Петропавлда халықаралық бақылаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жәрдемдесу орталығы ашылды.

 

 

 

 

 

 Орталық- Достық үйінде қоныс тепкен. Мұнда Президент сайлауына қатысты барлық қажетті ақпаратты табуға болады. Орталық саяси науқан кезінде халықаралық бақылаушылар мен БАҚ өкілдеріне жәрдемдеседі.

  Олег Пономарев, Халықаралық бақылаушыларға және шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесудің СҚО орталығының жетекшісі:
-Орталық сайлау кезінде дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттарын өткізуге қол ұшын береді. Бақылаушыларға еліміздегі сайлаудың демократиялық тұрғыда өтіп жатқанын көрсетеміз. Сайлау комиссиясының , сайлау учаскелерінің жұмысымен де таныстырамыз.  

Орталық толықтай компьютермен жабдықталған. Сырттан келген бақылаушылар мен журналистер кез-келген уақытта мұндағы техниканы пайдаланып, өз елдеріне қажетті ақпаратты жібере алады. Тіпті мұнда Астана, Мәскеу, Вена уақыттарын көрсетіп тұратын сағаттар да ілінген.

  Олег Пономарев, Халықаралық бақылаушыларға және шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесудің СҚО орталығының жетекшісі:
– Халықаралық бақулаушылар, біріншіден, сайлаудың қандай дәрежеде өткенін бақылайды. Екіншіден, олар қонақтар. Кейбірі Қазақстанға, біздің СҚО бірінші рет келіп тұр. Сондықтан біз оларға қаланың айшықты орындарын көрсетіміз деп отырмыз. Тарихи-мәдени орындар бізде жетерлік.,

Орталық нақты іске- сайлауға 3-4 күн қалғанда кірісіп, тәулік бойы жұмыс істейтін болады. СҚО өтетін саяси маңызды науқанды ТМД елдерінің және Германия, Англия мемлекеттерінің өкілдері бақылайды деп күтілуде. Әзірге екі шетелдік қана сайлауды бақылауға ресми түрде рұқсат алыпты.

 Дана Ғизатова