Әр түрлі

«Ұлағатты ана – бақытты келешек»

 

  Балаларының барлық бастамаларын қолдап жүретін Галина Станькова  ұлы шығарған  әнді олармен қосылып рэп стилінде ән шырқады. Адвокат Галина жиылғандарға аналар «сегіз қырлы бір сырлы» бола алатындығын дәлелдеді

  Галина Станькова,  ана:
-Мұның бәрі балалар үшін жасалып жатыр. Барлығы бірігіп аналарға да балаларға да мерекелік көңіл күй сыйлап, қуантпақшы. Осындай мерейі үстем елде тұрып жатқаныма ризамын.

Ал Лидия Барменбаева  балалар емханасында медбибі болып жұмыс істейді. Мейірімді ана балаларды емдеумен қатар ас әзірлеуге де шебер екен. Ақ халатты абзал жан бұл кешке тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнап пісірген тортын әкеліпті

  Лидия Барменбаева,  ана:
– Тортымды Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отырмын. Ол бейбітшілік, сәттілік молшылықты білдіреді. Мен ұлағатты ана, жақсы жар ретінде еліміздің аспаны ашық болып, береке, бірлікте өмір сүруімізді қалаймын. Жұртымыз аман болсын.

Кездесуге барлық сыныптардың оқушылары мен олардың аналары қатысты. Келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамына арналған кеште аналар жан-жақты ашылып, жасырын өнерлерін де көрермендерге паш етті.

  Сәуле Тұрсынова, №26 мектеп-балабақша директоры:
– Бүгінгі күні біздің дұрыс саясатымызға байланысты болып жатқан ата-аналарымыздаң жетістіктері және балалардың келешегі бәріміздің қолымызда. Соған байланысты өтіп жатқан кеш. Ата-аналар қатысады және жасөспірімдер. Келешек олардың қолдарында, соны көрсеткіміз келеді.

Кеш соңында Президент сайлауында Елбасын қолдайтын қалалық штаб өкілдері қатысушыларға сыйлықтарын ұсынды.

Айдана Демесінова